КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА КІМДЕР ЖҮГІНЕ АЛАДЫ?
ПРЕЗИДЕНТ, ҚҰРЫЛТАЙ ТӨРТАҒАСЫ, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫ, ПРЕМЬЕР-МИНИСТР:
- дау туындаған жағдайда Республика Президентінің, Құрылтай депутаттарының сайлауын және жалпыхалықтық референдумды өткізудің дұрыстығы туралы
- Конституцияға:
- Президент қол қойғанға дейін Құрылтай қабылдаған заңдардың сәйкестігі туралы
- Құрылтай қабылдаған қаулылардың сәйкестігі туралы
- ратификациялағанға дейін халықаралық шарттардың сәйкестігі туралы
- халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының сәйкестігі туралы
- Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру туралы
- Конституцияның 50-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларда қорытынды беру туралы
БАС ПРОКУРОР:
- Конституцияға:
- ратификациялағанға дейін халықаралық шарттардың сәйкестігі туралы
- халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының сәйкестігі туралы
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің (НҚА) сәйкестігі туралы
- Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру туралы
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:
- Конституцияда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын Қазақстан Республикасының НҚА Конституцияға сәйкестігі туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТЫ:
- оның Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты Қазақстан Республикасының НҚА Конституцияға сәйкестігі туралы
СОТ:
- қолдануға жататын Қазақстан Республикасының НҚА Конституцияға сәйкес келмейді деп тану туралы ұсыныммен
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ
Өтініш нысаны – азаматтың Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңының немесе өзге нормативтік құқықтық акті (НҚА) ережесінің Конституцияға сәйкестігін тексеру (тиісті норманы тікелей көрсету қажет)
Азаматтың жүгіну тәртібі мен шарттары «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44, 45-баптарында көзделген
АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА ӨТІНІШПЕН ЖҮГІНУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛЕДІ, ЕГЕР:
- НҚА ережесі (нормасы) нақты істе азаматтың Конституцияда көзделген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғаған болса;
- НҚА ережесі (нормасы) заңды күшіне енген сот актісінде қолданылған болса;
- іс бойынша апелляциялық сатыдағы күшіне енген сот актісі болса;
- өтініш Конституциялық Сотқа сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмеген мерзімде берілсе;
НҚА анықтамасы мен түрлері «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1, 7-баптарында белгіленген
ӨТІНІШТЕ КӨРСЕТІЛУГЕ ТИІС МӘЛІМЕТТЕР:
- Конституциялық Соттың атауы;
- өтініш субъектісінің атауы, орналасқан жері, азамат жүгінген жағдайда –ТАӘ, тұрғылықты жері, ЖСН және бар болған жағдайда ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және электрондық мекенжайы туралы мәліметтер;
- лауазымы бойынша немесе заң бойынша өкілдік ету жағдайларынан басқа, өтініш субъектісі өкiлiнiң атауы, мекенжайы және оның өкiлеттiгi көрсетілуге тиіс;
- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қаралуға тиіс заңның немесе өзге де құқықтық актінің атауы, нөмірі, қабылданған күні, жариялау көздері және өзге де деректемелері;
- өтініштің мәні, өтініш берген адамның позициясы және оның құқықтық негіздемесі;
- жүгінуге негіз болатын және оның негізділігін растайтын өзге де фактілер, мән-жайлар және бар болса, дәлелдемелер;
- Конституциялық Сотқа жүгінуге құқық беретін немесе азамат дау айтып отырған нормативтік құқықтық актіде тікелей қозғалған оның құқықтары мен бостандықтарын бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциясының және Конституциялық заңның нормалары.
ӨТІНІШКЕ ҚОСА БЕРІЛЕТІН ҚҰЖАТТАР:
- тексерілуге жататын актілер мәтіндерінің көшірмелері;
- заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нақты істе қолданғанын растайтын сот шешімі;
- өкілдік ету лауазымы бойынша немесе заң бойынша жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа, өкілдің өкілеттігі туралы сенімхат немесе өзге құжат;
Конституциялық Сотқа өтінішпен жүгіну бойынша жазбаша келісім:
- заңға сәйкес берілген және ресімделген сенімхатта
- заң қызметін көрсету туралы шартта
- мемлекеттік органдардың, лауазымды және өзге де адамдардың тапсырмасын куәландыратын өзге де құжатта айқындалуы мүмкін.
- өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжаттар:
- адвокат қызмет куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама ұсынады
- заң консультанттары заң консультанттары палатасына мүшелігін растайтын құжатты ұсынады
- заңды өкілдер болып табылатын өкілдер өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды ұсынады
- заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымның мүшелерінің және басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымның уәкілетті адамдары жарғының, ереженің, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмелерін ұсынуға тиіс
АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ КЕЛЕСІДЕЙ ҰСЫНЫЛУЫ МҮМКІН:
- e-gov – «Электронды үкімет» порталы (электронды түрде мемлекеттік қызметті көрсету үшін интерактивті коммуникацияның кешені) арқылы
- e-Otinish – азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы
- пошта жөнелтілімімен
- қолма қол (қағаз түрінде)
- өтініштер жазбаша және (немесе) электрондық нысанда мемлекеттік немесе орыс тілінде беріледі
- конституциялық іс жүргізу тілдерінде (мемлекеттік немесе орыс тілінде) жазылмаған құжаттарға олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы қоса берілуге тиіс
- өтініш қолмен, компьютерлік немесе машина әдісімен жасалу мүмкін