
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер еліміздегі әрбір азаматтың және қоғамның ақпаратқа қол жеткізуін тұрақты түрде жан-жақты қамтамасыз етесіздер.
Сіздердің қызметтеріңіз қоғамдық пікір мен мемлекеттілікті, адами және қоғамдық құндылықтарды құрметтеу мәдениетін қалыптастыруда аса маңызды. Заңның үстемдігі, адамның құқықтары мен бостандықтары туралы ақпарат пен білімді таратудағы сіздердің рөлдеріңіз сөзсіз ерекше.
Біз осындай игі мамандыққа деген құрметімізді білдіре отырып, таңдалған кәсіби салада шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз.
Ізгі тілекпен, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты