4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

1992 жылғы 4 маусым – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Егемендіктің мызғымас негіздері – Ту, Елтаңба және Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті таныстырды.

2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды, ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын және пайдаланылу тәртібін белгілейді.

Осы Заңға сәйкес Қазақстанда жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.

Қасиетті Тәуелсіздігіміздің рәміздеріне тұрақты құрмет көрсету әрбір қазақстандықтың парызы.