Конституциялық Соттың қызметі дипломатиялық қоғамдастыққа таныстырылды

Конституциялық Соттың қызметі дипломатиялық қоғамдастыққа таныстырылды

Конституциялық Сот 100-ден астам дипломатиялық корпустың елшісін және Қазақстанда аккредиттелген халықаралық, өңірлік және шетелдік ұйымдардың өкілдерін қабылдады

 

Брифинг Қазақстандағы конституциялық реформалар мен адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Шараға КС судьялары, Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ ҚазГЗУ және ЕҰУ жоғары оқу орындарының басшылары қатысты.

Өз сөзінде Эльвира Әзімова биыл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше-мемлекеттердегі құқық қорғау қызметі "Қадір-қасиет, бостандық және әділеттілік бәріне бірдей" ұранымен жүргізіліп жатқанын, ол жаңа үлгіде құрылған конституциялық бақылау органының міндеттеріне сай келетін атап өтті.

"Біз шетелдік серіктестермен заң үстемдігін қамтамасыз етуде, жалпыға бірдей танылған тәжірибеге сәйкес демократия мен әділеттілік қағидаттарын қорғауда, әсіресе елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық жаңғырту тұрғысында ынтымақтастыққа үлкен мән береміз", - деді КС Төрағасы.

Шара барысында елшілер мен халықаралық ұйымдардың өкілдеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының құрылымы мен міндеті таныстырылып, аталған институт екі айдағы қызметі туралы ақпарат айтылды.

Брифинг соңында Конституциялық Сот БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесімен және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен өзара әріптестік туралы меморандумдар жасасты.

КС телеграмм-арнасы - https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ