Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ө. Ш. Жалаиридің 80 жылдығы

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері  Ө. Ш. Жалаиридің 80 жылдығы

2022 жылғы 21 қазан. Жоғары мектеп академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ө. Ш. Жалаиридің 80 жылдығына арналған «Жаңа Қазақстанның құрылысы: саяси-құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени негіздер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конституциялық Кеңестің төрағасы Қ. Мәми мерейтой иесіне және іс-шараға қатысушыларға құттықтау сөздерін жолдады, оны Конституциялық Кеңестің мүшелері А.Темірбеков пен В. Малиновский арқылы жеткізді.  

Құттықтау сөздерінде мерейтой иесінің ғылыми-құқықтық мұрасы өткен ғасырдың ортасынан басталғаны атап өтілді. Оның өмірбаяны - белгілі бір өмірлік ұстанымы мен берік негізі бар мақсатты адамның айғағы. Еңбек жолын математика пәнінің мұғалімінен бастап, кейіннен өзін заң ғылымына арнап, ҚазМУ-дің студенті мен аспирантынан бастап заң ғылымдарының докторы, профессор және заң бейіні жоғары оқу орнының басшысына дейінгі даңқты жолдан өтті. Ол Д.А. Қонаев атындағы университетті құрды, кейіннен Еуразиялық заң академиясы деп аталды, ол жақын арада өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Қазіргі таңда, оның ректоры бастаған Еуразиялық заң академиясы ұлттық құқықтық жүйені жаңғыртуға елеулі үлес қосып келеді.

Конференция барысында отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өкілдері Негізгі Заңның әлеуетін іске асырудың саяси-құқықтық аспектілерін, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ еліміздегі қазіргі заманғы конституциялық-құқықтық процестерді жетілдіру мәселелерін талқылады.