Конституциялық Сотқа кімдер жүгіне алады?

Конституциялық Сотқа кімдер жүгіне алады?

Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарау мәселесі бойынша Конституциялық Сотқа жүгіне алады.

Адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарау мәселесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық Сотқа жүгіне алады, ал соттар ұсынулар енгізе алады.

Конституциялық Сотқа жүгіне алатын өзге де субъектілер Конституцияның 73-бабында айқындалған.