Алматы мәслихаты Конституциялық Соттың шешімін ескере отырып, ерекше қорғалатын аумақтарға көлік құралдарының кіруі мәселесін қарады

Алматы  мәслихаты Конституциялық Соттың шешімін ескере отырып, ерекше қорғалатын аумақтарға көлік құралдарының кіруі мәселесін қарады

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары «Медеу» өңірлік табиғи паркі мен «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы шешім жобасын қолдады.

Шешім Конституциялық Соттың 2026 жылғы 12 маусымдағы нормативтік қаулысын ескере отырып қабылданды. Аталған қаулыда Конституциялық Сот бұл мәселені реттеу мәслихаттың құзыретіне жататынын және тұрғындардың құқықтары ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1294226?lang=kk