Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты: аудио- және бейнежазбаларды алудың заңдылығы нақты қылмыстық іс шеңберінде бағалануға тиіс

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты: аудио- және бейнежазбаларды алудың заңдылығы нақты қылмыстық іс шеңберінде бағалануға тиіс

Конституциялық Сот Жоғарғы Соттың қылмыстық процесте дәлелдемелерді бағалау мәселелері бойынша нормативтік қаулысының ережесін Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан тексеру туралы өтінішті қарады. Оған дәлелдемелер ретінде аудио- және бейнежазбалар пайдаланылған қылмыстық іс негіз болды.

Конституциялық Сот заңды жолмен алынған мәліметтер ғана дәлелдемелер деп танылуы мүмкін екенін атап өтті. Дауланып отырған ереже аудио- және бейнежазбаларды алу тәртібін белгілемейді және сотты олардың қатыстылығын, жол берілетіндігін және анықтығын тексеру міндетінен босатпайды.

Нақты жазбаларды алудың заңдылығы, сондай-ақ жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқығының сақталуы мәселелерін тиісті қылмыстық істі қарау кезінде қылмыстық қудалау органдары мен сот бағалауға тиіс.