Конституциялық Сот белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудың конституциялылығын тексереді

Конституциялық Сот белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудың конституциялылығын тексереді

Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш беруші мемлекеттік қызметші болып табылмайтын және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнаулы субъектісінің белгілеріне ие емес адамға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салуды қолдану әділеттілік, мөлшерлестік және жауаптылықты даралау қағидаттарын бұзуы, сондай-ақ еңбек ету құқығы мен кәсіптік қызметті еркін таңдау құқығын шектеуі мүмкін деп есептейді.

Қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында хабарланатын болады.