Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты Конституциялық Сот оның толық мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудионұсқасын әзірледі. Сондай-ақ Конституциялық Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында Конституцияның толық бейненұсқасы жарияланды.
Жоба азаматтардың Ата Заңға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аудиоформат көру қабілеті бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ ақпаратты тыңдау арқылы қабылдауды қалайтын барлық азаматтар үшін өте ыңғайлы.
Қазақстан Республикасы Конституциясының толық аудионұсқасы төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/241726?lang=kk