Конституциялық Сотта Мемлекеттік қызметші күні атап өтілді

Конституциялық Сотта Мемлекеттік қызметші күні атап өтілді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Бүгін Конституциялық Сотта Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Конституциялық Сот аппаратының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Кездесудің құрметті қонағы ретінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоғжанов қатысты.

Іс-шараны ашқан Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтің конституциялық қағидаттарды іске асырудағы, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.

Өз сөзінде Эльвира Азимова биылғы жыл мемлекеттік қызмет жүйесінің дамуының жаңа кезеңін бастайтынын айтты. Оның атап өтуінше, 1 шілдеден бастап мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың заманауи тәсілдеріне, меритократия, кәсібилік, ашықтық және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару қағидаттарына негізделген жаңартылған заңнама күшіне енеді. Жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

Ералы Тоғжанов Конституциялық Сот аппаратының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекет пен қоғамға адал қызмет етудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына қатысты бірқатар ізгі тілегі мен ақыл-кеңесін жеткізді.

Іс-шара аясында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге және конституциялық заңдылықты нығайтуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» ведомстволық наградасымен Конституциялық Сот аппараты басшысының орынбасары Ерлан Сапаров марапатталды. Сонымен қатар Өтініштерді бастапқы қарау және қабылдау бөлімінің бас консультанты Гүлмира Жұмаханова «Үздік мемлекеттік қызметші» құрметті атағына ие болды.

Мемлекеттік қызмет конституциялық құндылықтарды іске асырудың, заң үстемдігін қамтамасыз етудің және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтудың маңызды тетігі болып қала береді.