Конституциялық Сот: апелляция және кассация сатыларында сотталған адамның қатысуымен шағымдану тәртібі заңмен реттелуі мүмкін

Конституциялық Сот: апелляция және кассация сатыларында сотталған адамның қатысуымен шағымдану тәртібі заңмен реттелуі мүмкін

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Сотқа 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 428-бабы екінші бөлігінің, 484-бабы екінші бөлігі 2) тармағының және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 15 нормативтік қаулысының 4-тармағының Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағына, 4-бабының 1-тармағына, 13-бабына, 14-бабының 1-тармағына, 77-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына және 81-бабына сәйкестігін қарау туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш беруші Қылмыстық-процестік кодекстің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының сотталған адамның апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот отырысына қатысуы мен сот актілеріне шағымдану тәртібін, сондай-ақ кассациялық қайта қараудың шектерін белгілейтін ережелеріне дау келтірді. Оның пікірінше, бұл нормалар сот арқылы қорғалу құқығын және сотта тыңдалу құқығын бұзады.

Құжаттарды зерделей келе, Конституциялық Сот дауланып отырған нормалардың Конституцияға қайшы келмейтінін анықтады.

Апелляциялық сатыға қатысты Конституциялық Сот қолданыстағы Қылмыстық-процестік кодекс сотталған адамның сот отырысына, оның ішінде техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатысу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын атап өтті. Сонымен қатар Конституциялық Сот кассациялық қайта қараудың тәртібі мен шектерін заң шығарушының айқындауы сот шешімдерінің тұрақтылығы мен әділ сот төрелігі кепілдіктері арасындағы теңгерім сақталған жағдайда Конституция талаптарына сәйкес келетінін растады.