Конституциялық Сот: Жеке сот орындаушыларына қатысты даулардың соттылығына байланысты Жоғарғы Соттың түсіндірмесі сот арқылы қорғалу құқығын бұзбайды

Конституциялық Сот: Жеке сот орындаушыларына қатысты даулардың соттылығына байланысты Жоғарғы Соттың түсіндірмесі сот арқылы қорғалу құқығын бұзбайды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Сотқа Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 31 наурыздағы № 1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдануы туралы» нормативтік қаулысының 2-тармағының бесінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш беруші дауланып отырған ереже жеке сот орындаушысының әрекеттеріне шағымды оның тіркелген жері бойынша беру қажеттігін көздейтіндіктен, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте қарастырылған эксаумақтық соттылықты қолдану мүмкіндігін шектейді және осылайша сот арқылы қорғалу құқығы мен заң мен сот алдында теңдік қағидатын бұзады деп есептеген.

Өтініш материалдарын зерделей отырып, Конституциялық Сот Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысындағы жеке сот орындаушыларымен даулардың соттылығына қатысты дауланып отырған ереже сот арқылы қорғалу жөніндегі конституциялық құқықты бұзбайтынын анықтады.

Конституциялық Сот дауланып отырған норма Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты өзінің құқықтық өзектілігін жоғалтқанын атап өтті. Сонымен қатар анықталған қайшылықты жою Жоғарғы Соттың құзыретіне жатады, алайда бұл сот орындаушыларымен даулар бойынша экстерриториялық соттылық туралы Кодекс нормасының қолданылуын жоққа шығармайды.