
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора Алматы қаласындағы Каспий университетінде өткен «Билікке деген сенім: құқықтық негіздері мен қамтамасыз ету тетіктері» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысына қатысты.
Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламентаризм институтының, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қызметкерлері, Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Алматы қаласының ғылыми қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ докторанттар мен магистранттар қатысты.
Қатысушылар жаңа Конституцияның негізгі ережелерін, мемлекеттік биліктің жаңа институттарын қалыптастыру және дамыту мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін нығайту жолдарын, сондай-ақ саяси жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуде және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруда «Заң және тәртіп» пен «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамаларының рөлін талқылады.
Роман Подопригора Конституциялық Соттың қызметі, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы рөлі туралы баяндады. Әкімшілік-құқықтық саладағы сот төрелігіне қол жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударды.