
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев профессорлық-оқытушылық құрам мен курсанттарға дәріс оқып, жаңа Конституцияның негізгі ережелері мен конституциялық реформаның басты жаңашылдықтары туралы баяндады. Ол аталған өзгерістердің мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтудағы, құқықтық мемлекетті дамытудағы, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтудегі маңызын атап өтті.
Конституциялық Сот Аппараты бөлім басшысының орынбасары Әсет Балғынтаев қатысушыларды Конституциялық Сотқа жүгіну тәртібімен және конституциялық бақылау органының қызметінің қазіргі жай-күйімен таныстырды.
Ашық диалог аясында конституциялық заңдылықты нығайту, адам құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ Конституциялық Соттың ұлттық құқықтық жүйедегі рөлі мәселелері талқыланды. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Сонымен қатар Еркін Оңғарбаев пен Әсет Балғынтаев Қарағанды облысының жастар көшбасшыларымен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында конституциялық реформаның еліміздің дамуы үшін маңызы, жастардың конституциялық құндылықтарды дәріптеудегі, құқықтық мәдениетті арттырудағы және құқық үстемдігі қағидаттарын нығайтудағы рөлі талқыланды.