
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында Төраға Эльвира Азимованың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының Төрағасы Герман Нұрбаевпен кездесуі өтті.
Кездесуге сондай-ақ Конституциялық Соттың судьясы Қанат Мусин қатысты.
Тараптар ТМД кеңістігіндегі құқықтық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін, конституциялық бақылау органдары мен халықаралық сот институттарының қызметін, сондай-ақ құқық үстемдігін нығайту және құқықтық қорғау тетіктерін жетілдіру мақсатында одан әрі өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.
Кездесуге қатысушылар құқықтық саладағы интеграциялық үдерістерді дамыту, конституциялық сот төрелігі саласындағы тәжірибе алмасу және Еуразиялық аймақтың бірқатар мемлекеттерінің конституциялық бақылау органдарын біріктіретін Конституциялық бақылау органдарының еуразиялық қауымдастығының қызметі мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша құқықтық тәсілдерді дамыту және конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғау мақсатында жоғары сот және конституциялық институттар арасындағы кәсіби диалогты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.