Конституциялық Сот оқу мәдениетін қолдау мақсатында кітап жинау акциясын өткізді

Конституциялық Сот оқу мәдениетін қолдау мақсатында кітап жинау акциясын өткізді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Мемлекет басшысының «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлт қалыптастыру шаралары туралы» Жарлығын іске асыру аясында Конституциялық Сот Аппаратында «Кітап жинау және алмасу» акциясы өтті.

Шара Ұлттық кітап күнін қолдау мақсатында ұйымдастырылып, оқу мәдениетін насихаттауға, әдебиетке қолжетімділікті кеңейтуге және жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Акция аясында Конституциялық Сот Аппаратының қызметкерлері әскери-патриоттық тақырыптағы кітаптарды жинап, Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің филиалына табыстады. Бастама оқу мәдениетін дамытуға, өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға, сондай-ақ ағарту мен білім беру құндылықтарын қолдауға бағытталған.