Конституциялық Сот: заңды қолдануға қатысты дауларды жалпы юрисдикциялы соттар шешеді

Конституциялық Сот: заңды қолдануға қатысты дауларды жалпы юрисдикциялы соттар шешеді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сот ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындаудан бас тартуға байланысты өтінішті қарады.

Бұған дейін өтініш иесіне төлемдер тағайындаудан бас тартылған, ал үшінші сатыдағы соттар бұл шешімді заңды деп таныған. Ол өз ісінде Конституциялық Соттың 2023 жылғы 27 наурыздағы №5 нормативтік қаулысында баяндалған құқықтық ұстаным қолданылмаған деп есептеп, Конституциялық Сотқа жүгінген.

Конституциялық Сот аталған нормативтік қаулының бұрын тағайындалған зейнетақыны тоқтату жағдайларына қатысты екенін түсіндірді. Өтініш иесі бұрын мұндай зейнетақы алмағандықтан, аталған қаулы оның жағдайына қолданылмайды.

Конституциялық Сот нақты бір іс бойынша қандай нормаларды қолдану және оларды қалай түсіндіру мәселелері жалпы юрисдикциялы соттардың құзыретіне жататынын атап өтті. Конституциялық Сот сот шешімдерін мәні бойынша қайта қарамайды.