Конституциялық Сот: азаматтық және корпоративтік заңнама нормаларын қолдануды соттар құқықтық қатынастардың сипатын ескере отырып бағалайды

Конституциялық Сот: азаматтық және корпоративтік заңнама нормаларын қолдануды соттар құқықтық қатынастардың сипатын ескере отырып бағалайды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сотқа Азаматтық кодекстің, Азаматтық процестік кодекстің және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңның бірқатар нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін өтемақы төлеу туралы дауға байланысты. Өтініш иесі тиісті төлемдерді көздейтін қосымша келісімге сілтеме жасаған. Жалпы юрисдикция соттары серіктестіктің жарғысына сәйкес басқару органының қажетті шешімі болмауына байланысты аталған келісімді жарамсыз деп таныды.

Өтініш иесінің пікірінше, осы қатынастарға азаматтық және корпоративтік заңнама нормаларын қолдану оның сот арқылы қорғалу құқығын және тараптардың теңдігі қағидатын бұзуға алып келген.

Конституциялық Сот келтірілген дәлелдер құқықтық қатынастарды саралау және келісімдер жасасу кезінде заңды тұлға органдарының өкілеттіктері мәселелерін қозғайтынын атап өтті. Сонымен қатар, дауланған нормалар жалпы құқықтық реттеуді белгілейді және нақты құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып оларды қолдануға кедергі келтіретін белгісіздікті қамтымайды.

Конституциялық Сот ұсынылған уәждерде сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруға нормативтік кедергілердің бар екендігі көрсетілмегенін, ал болжамды құқық бұзушылық нақты іс бойынша құқық қолдану нәтижелерімен байланыстырылғанын атап өтті.