Конституциялық Сот: прокурордың әрекеттеріне қатысты шағымдар қылмыстық процесс шеңберінде қаралады

Конституциялық Сот: прокурордың әрекеттеріне қатысты шағымдар қылмыстық процесс шеңберінде қаралады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сотқа Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабы бесінші бөлігінің және Жоғарғы Соттың «Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы» нормативтік қаулысының 24-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш иесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында оның құқықтары бұзылғанын мәлімдеді: оның айтуынша, санкциясыз жасырын тергеу әрекеттерінің материалдары пайдаланылған, сондай-ақ дәлелдемелердің бір бөлігі жасырылған. Осыған байланысты ол тиісті нормалардың конституциялылығына күмән келтірді.

Конституциялық Сот заңда мұндай уәждерді тексеру тетігі көзделгенін түсіндірді. Прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне қатысты шағымдар сотта істі мәні бойынша қарау барысында қаралады, кейін апелляциялық және кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.

Өтініш иесі осы рәсімдердің барлығын пайдаланды және оның уәждері әртүрлі сот сатыларында қаралды.

Осылайша, оның ұстанымы нормалардың мазмұнына емес, олардың нақты іс бойынша қолданылуымен келіспеушілікке қатысты. Ал нақты іс бойынша дәлелдемелерді бағалау және қабылданған сот шешімдерін қайта қарау мәселелері соттардың өз құзыретіне жатады.