Конституциялық Соттың судьясы Конституция нормаларын түсіндіру мақсатында Шымкент қаласына барды

Конституциялық Соттың судьясы Конституция нормаларын түсіндіру мақсатында Шымкент қаласына барды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде дәріс өткізді.

Шараға жоғары оқу орнының оқытушылары, студенттері мен магистранттары, сондай-ақ өңірдің заң қауымдастығының өкілдері қатысты. Айжан Жатқанбаева өз сөзінде конституциялық реформаның негізгі бағыттарын, оның мазмұны мен күтілетін нәтижелерін көрсетіп, бұл өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайтудағы маңызын атап өтті.

Кездесу барысында Конституциялық Соттың талдаушысы Әлия Бердібаева сөз сөйлеп, конституциялық бақылау органының қызметі және азаматтардың өтініш жасау тәртібі туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар Конституциялық Соттың өкілдері Қазақстан Республикасында құқықтану ғылымы мен білімінің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі заңгер Қайрат Битемировтың 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.