Конституциялық Сот: сақтандыру даулары бойынша түсіндірмелер залалды өндіру құқығын шектемейді

Конституциялық Сот: сақтандыру даулары бойынша түсіндірмелер залалды өндіру құқығын шектемейді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сотқа Жоғарғы Соттың сақтандыру даулары бойынша сот практикасына арналған 2017 жылғы 6 қазандағы № 8 нормативтік қаулысының 19-тармағын тексеру туралы өтініш түсті.

Өтініш иесі жол-көлік оқиғасынан кейін залалды өндіру ісі бойынша сақтандыру компаниясы мен соттардың шешімдерімен келіспеуіне байланысты жүгінген. Оның пікірінше, Жоғарғы Соттың түсіндірмесі материалдық залалды өндіріп алу құқығын шектейді. 

Конституциялық Сот дауланып отырған норма өздігінен ешқандай тыйым салмайтынын және құқықтар көлемін тарылтпайтынын атап өтті. Ол тек соттардың қолданыстағы заңнаманы қалай қолдануы керектігін түсіндіреді. Сонымен қатар заң залалды өндіруді, оның ішінде сақтандыру төлемі жеткіліксіз болған жағдайда сақтанушыдан да өндіріп алуды тікелей көздейді.  

Өтініш иесінің уәждері іс жүзінде нақты даудың нәтижесімен келіспеуге саяды. Ол сақтандыру омбудсменіне және соттарға жүгіну арқылы қорғаудың қолжетімді тәсілдерін пайдаланғанымен, дауланып отырған норманың оның конституциялық құқықтарын нақты қалай бұзатынын көрсетпеген.

Конституциялық Сот сақтандыру компаниясының шешімдері мен сот актілерін қайта қарау оның өкілеттіктеріне кірмейтінін атап өтті.