Қазақстанда конституциялық және сот ісін жүргізудің сараптамалық әлеуетін дамыту жобасы іске асырылуда

Қазақстанда конституциялық және сот ісін жүргізудің сараптамалық әлеуетін дамыту жобасы іске асырылуда

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Жоғарғы Сотпен, «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігімен және Нидерланд Корольдігінің Елшілігімен әріптестікте «Конституцияның үстемдігі: құқық, заңдылық, жауапкершілік» жобасын іске асыруда. Жобаның мақсаты – конституциялық және сот ісін жүргізудегі amicus curiae институты туралы білім мен практикалық дағдыларды арттыру. Аталған жоба құқықтық мәдениетті нығайтуға және заңгерлер қауымдастығы өкілдері қатарынан тәуелсіз сарапшылардың конституциялық сот төрелігіне қатысу сапасын арттыруға бағытталған.

Жоба аясында Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары және басқа да өңірлердегі жоғары оқу орындарының заң мамандықтары студенттері арасында «Amicus Curiae Challenge» республикалық байқауы басталды. Байқау туралы толық ақпаратты «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің сайтынан алуға болады: https://www.sanasezim.org/?q=node/1013, https://www.instagram.com/p/DWlGXByCEaE/?igsh=MWFpdGM2cmlhcWN6eQ