Конституциялық Сот: мүлікті бөлу туралы нормалар сот арқылы қорғалу құқығынан айырмайды

Конституциялық Сот: мүлікті бөлу туралы нормалар сот арқылы қорғалу құқығынан айырмайды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сотқа «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 37-бабы 3-тармағын тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш иесі бұрынғы жұбайымен мүлікті бөлуге қатысты сот шешімдеріне дау айтқан. Оның пікірінше, өзі тұрып жатқан пәтердегі үлесінен айырылған, ал өзінде қалған жер учаскесі өмір сүруге жарамсыз. Осыған байланысты ол тұрғын үйге қол сұғылмаушылық және меншік құқығының бұзылғанын алға тартқан.

Конституциялық Сот Кодекс нормаларының өзі мүлікті бөлу тәртібін реттейді және сот арқылы қорғалу мүмкіндігін шектемейді. Керісінше, өтініш иесінің дауы барлық сот сатыларында кезең-кезеңімен қаралғанын түсіндірді. Мүлікті бөлу кезінде тараптардың, оның ішінде балалардың мүдделері ескеріліп, әділдік қағидаттары қолданылған.

Өтініш иесінің уәждерінде көрсетілген негізгі мәселе – соттардың мүлікті қалай бөлгенімен келіспеуі. Алайда мұндай дәлелдер норманың мазмұнына емес, нақты сот шешімдерін бағалауға жатады.

Конституциялық Сот сот актілерін қайта қарау және мүлікті бөлуді бағалау мәселелері оның өкілеттіктеріне кірмейтінін атап өтті.