Конституциялық Сот: сот шешімдерімен келіспеу норманы Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға негіз болмайды

Конституциялық Сот: сот шешімдерімен келіспеу норманы Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға негіз болмайды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Сотқа Азаматтық және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстері, қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу қағидалары және Жоғары Сот Кеңесі регламенті нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті.

Өтініш беруші судья лауазымына арналған біліктілік емтиханы аясында тапсырған психологиялық тестілеудің қорытындысын алуға тырысқан. Алайда қолданыстағы заң мен қағидалар мұндай қорытындыны беруді көздемейді, ал сот сатылары шектеулі ақпаратпен жұмыс істеу тәртібінің заңдылығын растаған.

Конституциялық Сот өтініштің уәждері негізінен норманың қолданылуымен және соттардың әрекеттерімен келіспеушілікке негізделгенін атап өтті. Аталған норма қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейді және онымен танысу мүмкіндігін, оның ішінде бас тартуға сот тәртібімен шағымдану құқығын қамтамасыз етеді. Бұл конституциялық кепілдіктерге сәйкес келеді.

Конституциялық Сот ұсынылған дәлелдер нормативтік белгісіздікті немесе құқықтардың бұзылуын көрсетпейтінін, керісінше нақты жағдайда құқықты қолдану тәжірибесінің кемшіліктері туралы жорамалдарға ғана негізделетінін атап өтті.