Конституциялық Сот бұлтартпау шараларын қолдану тәртібінің Конституцияға сәйкестігін тексереді

Конституциялық Сот бұлтартпау шараларын қолдану тәртібінің Конституцияға сәйкестігін тексереді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

Конституциялық Сот Қылмыстық процестік кодекстің 136-бабы бірінші бөлігінің, 140-бабы төртінші бөлігінің, 153-бабы бірінші бөлігінің және 342-бабының бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Бұл нормалар бұлтартпау шараларын таңдаудың, өзгертудің және күшін жоюдың негіздері мен тәртібін реттейді.

Өтініш беруші оларды жиынтық түрде түсіндіру үй қамағына алу шарттары бұзылған кезде шекті мерзім өткеннен кейін қамауда ұстауға қайтаруға мүмкіндік береді деп мәлімдейді. Оның пікірінше, бұл конституциялық кепілдіктерді әлсіретіп, сот төрелігінің мүдделері мен жеке құқықтар арасындағы тепе-теңдікті бұзады.

Конституциялық Сот дауланып отырған нормалардың мазмұны мен мақсаттары Конституцияға қаншалықты сәйкес келетінін бағалайтын болады.

Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатын болады.