Конституциялық Сот судьясы «Қабылбаев оқуларына» қатысты

Конституциялық Сот судьясы «Қабылбаев оқуларына» қатысты

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Қостанай қаласындағы Шырақбек Қабылбаев атындағы ІІМ академиясында Конституциялық Сот судьясы Еркін Оңғарбаевтың қатысуымен «Қабылбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

Қатысушылар құқық қорғау жүйесін дамыту, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуеті және қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі мәселелерін талқылады.

Еркін Оңғарбаев өз сөзінде Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларында шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану және оның құқық қолдану тәжірибесіне әсері мәселесіне тоқталды.