Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Азимова Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Елшісі Алешка Симкичпен кездесті. Кездесуге Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов қатысты.
Кездесу қатысушылары болашақ ынтымақтастық және Еуропалық Одаққа мүше елдердің конституциялық соттарымен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, қатысушыларға Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелері туралы ақпарат берілді.