
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Құрметті отандастар!
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтайды.
Жаңа жыл – өткен жолға ой жүгіртіп, атқарылған істердің маңызын саралайтын ерекше кезең. Өтіп бара жатқан жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттілік негіздерін және демократиялық институттарды нығайту жолындағы жүйелі дамуын жалғастырды. Тұрақтылықтың, құқықтық тәртіп пен әділдіктің негізгі кепілі болып табылатын Конституцияның үстемдігі біздің қызметіміздің басты қағидаты болып қала береді.
Конституциялық Сотқа жүгінетін азаматтардың сенімін біз құқықтары мен бостандықтары әлеуметтік әрі саяси өмірдің өзегі саналатын құқықтық мемлекетке деген берік сенімнің маңызды көрінісі ретінде жоғары бағалаймыз.
Алдағы 2026 жылы сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық, бейбітшілік пен тұрақтылық тілейміз. Жаңа жыл жеке және кәсіби дамуға жаңа мүмкіндіктер ашып, еліміздің өркендеуі мен гүлденуіне қосар үлестеріңіз мол болсын.
Жаңа 2026 жыл құтты болсын! Бұл жыл жаңа жетістіктер мен табысты бастамалардың жылы болсын!