Еуразиялық форумда заңнаманы жетілдіру аясында парламентаризм перспективалары талқыланды

Еуразиялық форумда заңнаманы жетілдіру аясында парламентаризм перспективалары талқыланды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Парламентаризм институтының құрылғанына 5 жыл толуына арналған Еуразиялық форум өтті.

Форумға Парламент, Конституциялық Сот, мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми және сараптамалық қауымдастығы, Орталық Азия елдері, Ресей және Беларусь өкілдері қатысты. Қатысушылар парламентаризмнің құқықтық негіздері мен даму перспективаларын, жүргізіліп жатқан реформалар жағдайындағы парламенттік институттардың эволюциясын, сондай-ақ ғаламдану, цифрландыру және азаматтардың басқаруға қатысу сұранысының өсуімен байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов өз сөзінде Парламентаризм институтының заң шығару қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Ол Конституциялық Сот пен Парламентаризм институтының өзара әрекеттесуінің маңыздылығын, әсіресе Конституциялық Сотқа өтініш берушілердің ауқымы кеңейген жағдайда және азаматтардың белсенділігі артқан кезде ерекше атап көрсетті. Институттың сараптамалық қолдауы, оның ішінде Ғылыми-консультативтік кеңес шеңберінде, конституциялық-құқықтық мәселелерді сапалы қарауға және заңнаманы әрі қарай жетілдіруге ықпал етеді.