«Конституциялық сот төрелігі» халықаралық журналының жаңа нөмірі жарық көрді

«Конституциялық сот төрелігі» халықаралық журналының жаңа нөмірі жарық көрді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығының «Конституциялық сот төрелігі» атты Хабаршысының кезекті 2025 жылғы №1 (91) саны жарық көрді.

Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығына (ЕКБОҚ) тоғыз мемлекеттің конституциялық соттары кіреді: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан.

Соңғы жылдары Қазақстанның конституциялық бақылау органы ЕКБОҚ-қа төрағалық етіп келеді және осы халықаралық қауымдастықтың журналын шығарады.

Журнал жылына екі рет жарық көреді. Бұған дейін 2024 жылғы №2 (90) саны шығарылған болатын, онымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/835795?lang=ru

«Конституциялық сот төрелігі» журналының 2025 жылғы №1 (91) саны ЕКБОҚ-қа мүше елдердің конституциялық соттары ұсынған материалдардан тұратын келесі бөлімдерді қамтиды:

  • конституциялық бақылау органдарының шешімдері (актілері);
  • amicus curiae (соттың досы) – сараптамалық және талдамалық материалдар;
  • конституциялық сот төрелігінің өзекті мәселелері;
  • конституциялық бақылау органдарының іс-шаралары туралы ақпарат;
  • конституциялық бақылау мәселелері бойынша кітаптар мен диссертациялар.

«Конституциялық сот төрелігі» журналының 2025 жылғы №1 (91) санымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/936200?lang=ru