Конституциялық Сот шартты сот тәртібімен бұзу мүмкіндігін растады

Конституциялық Сот шартты сот тәртібімен бұзу мүмкіндігін растады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz

 

Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына шартты сот тәртібімен бұзуды көздейтін Азаматтық кодекстің 401-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш келіп түсті, өтініш берушінің пікірі бойынша сатып алу-сату шарты бойынша төлемеу шартты және жылжымайтын мүліктің жаңа меншік иесін мемлекеттік тіркегеннен кейін шартты сот тәртібімен бұзу үшін негіз бола алмайды.

Конституциялық Сот шарттың елеулі түрде бұзылуы деп тарапты мәміленің міндетті шарты ретінде көзделген мүлік құнын төлеу түріндегі күтілген нәтижеден айыратын бұзушылықты таныды.

Конституциялық Сот әркімнің сот арқылы қорғалу құқығына кепілдік беретінін және өтініш беруші сотқа жүгіну арқылы осы құқықты пайдаланғанын атап өтті.

Конституциялық Сот Конституциялық заңның 48-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдауға құқықтық негіздер жоқ деп таныды.