Конституциялық соттар мен сот органдарының судьялары Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьяларымен бірге ЕАЭО-да құқық қолдану практикасын талқылады

Конституциялық соттар мен сот органдарының судьялары Еуразиялық экономикалық одақ сотының судьяларымен бірге ЕАЭО-да құқық қолдану практикасын талқылады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Еуразиялық экономикалық одақ соты ұйымдастырған «ЕАЭО кеңістігінде құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында VIII халықаралық конференция өтті.

Конференцияға конституциялық соттар мен сот органдарының, монополияға қарсы және кеден органдарының, академиялық қоғамдастықтың өкілдері, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің практик заңгерлері қатысты.

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова, сондай-ақ судьялар Қанат Мусин мен Айжан Жатқанбаева конференция шеңберінде сот органдарының қатысуымен ұйымдастырылған диалогқа онлайн форматта қатысты.

Диалогқа қатысушылар ЕАЭО құқығының сот органдары мен конституциялық бақылау органдарының ұлттық практикасында біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Бұған дейін ЕАЭО құқық қолдану практикасы оның конституциялық ережелермен арақатынасы тұрғысынан Қазақстанның конституциялық бақылау органы тарапынан қаралған болатын. Қазіргі уақытта ЕАЭО Сотымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері, соның ішінде түсіндірмелер (консультативтік қорытындылар) алу және сот ісін жүргізуге қатысу, ЕАЭО-ны құру туралы ратификацияланған Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын ЕАЭО Сотының Статуты және Қазақстан Республикасы Президентінің 12 тамыздағы №1037 Жарлығы негізінде реттеледі.

Диалог қорытындысы бойынша сот органдарының өкілдері диалогты жалғастырудың және белгіленген тақырып аясында тәжірибе алмасудың орынды екендігі туралы ортақ пікір білдірді.