Конституциялық Сот Астана қаласындағы Экономикалық лицейдің оқушыларына экскурсия ұйымдастырды

Конституциялық Сот Астана қаласындағы Экономикалық лицейдің оқушыларына экскурсия ұйымдастырды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Роман Подопригора Астана қаласындағы Экономикалық лицейдің оқушыларына экскурсия өткізді.

Экскурсияға қатысушылар Конституциялық Соттың қалыптасу тарихымен және қызметімен танысып, Ата заңымыздың маңыздылығы және оның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі туралы білді.

Конституциялық бақылау органының тәжірибесінен алынған нақты мысалдар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар Конституция қағидаттарының түрлі құқықтық жағдайларда қалай қолданылатынын айқын көрсетеді.

Жас қонақтар заңгер және судья мамандығы туралы белсенді сұрақтар қойып, құқықтық процестің ерекшеліктеріне және қоғамдағы әділеттілік пен тәртіпті қамтамасыз ететін тетіктерге қызығушылық танытты.

Талқылау ашық атмосферада өтті, оқушылар еліміздің заңдарын зерделеуді жалғастыруға және олардан өзекті құқықтық сұрақтарға жауап іздеуге ниет білдірді.

Экскурсияны қорытындылай келе, судья Конституциялық Сот азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын одан әрі қорғайтынын, сондай-ақ Конституция, қазіргі заманғы құқық қағидаттары және еліміздегі заңдылықты сақтаудың маңыздылығы туралы білімді насихаттайтынын атап өтті.

Ақпарат үшін:

Дүниежүзілік балалар күні 1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен жарияланды. Ол 20 қарашада балалардың дүниежүзілік бауырластығы мен өзара түсіністігі күні ретінде атап өтіледі және бүкіл әлемдегі балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға арналады.

Осы күні, 1959 жылы, Бас Ассамблея Бала құқықтары декларациясын, ал 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдады.

1990 жылдан бастап, Дүниежүзілік балалар күнінде бала құқықтарын қорғау саласындағы осы негізгі халықаралық құжаттардың қабылданған күні атап өтіледі.

https://www.un.org/ru/observances/world-childrens-day