Сарапшылар Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту және реттеу саясатын жетілдіру мәселелерін талқылады

Сарапшылар Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту және реттеу саясатын жетілдіру мәселелерін талқылады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Нархоз университетінде «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 10 жылдығы: реттеуші саясатты жетілдіру жолдары» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шара аясында мемлекеттік органдардың, бизнестің, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері мен жетекші сарапшылар кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттарын, заңнаманы жетілдіруді және мемлекет пен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды талқылады. Кәсіпкерлік саланың заманауи сын-қатерлері мен құқықтық реттеудің тиімділігін арттырудың практикалық жолдары талқыланды.

Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора өз сөзінде Конституциялық Соттың қызметінде кәсіпкерлік белсенділік Конституцияның үстемдігін және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттары аясында қаралатынын атап өтті. Ол Кәсіпкерлік кодекс немесе оның жекелеген нормалары әзірге конституциялық іс жүргізу нысаны болмағанымен, кәсіпкерлік қызметке қатысты мәселелер конституциялық бақылау органының нормативтік қаулыларында көрініс тауып отырғанын айтты. Мұнай және мұнай өнімдерінің айналымына қатысты қылмыстық жауаптылық, кәсіпкерлік кірістерден алимент өндіру, мемлекеттік қызметке қабылданғанда бизнес жүргізуге қойылатын шектеулер, сондай-ақ қылмыстық топтар мен кәсіпкерлік құрылымдардың белгілерін нақты ажырату мәселелері бойынша мысалдар келтірілді.  

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар үшін кәсіпкерлік және реттеу саясаты саласындағы өзекті зерттеулер мен практикалық ұсыныстарды қамтитын баяндамалар жинағы дайындалып, жарияланатын болады.