Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Қазақстан Конституциялық Соты Аппаратының қызметкерлері Корея Республикасының Конституциялық Сотының кітапханасына барды. Бұл – елдегі жария құқыққа маманданған жалғыз кітапхана. Ол заңгерлік және жалпы кітапханалардан тұрады.
Заңгерлік кітапханада конституциялық сот ісін тиімді қолдауға және зерттеу қызметін жүргізуге арналған түрлі елдердің құқықтық материалдары сақталған.
Жалпы кітапханада гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, мәдениет сияқты әртүрлі пәндік салаларға қатысты материалдар жинақталған. Ол көпшілікке еркін қол жетімді.
Кітапхана қоры 200 мыңнан астам материалды қамтиды.
Кітапхана келушілерге ашық және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қажетті қолайлы инфрақұрылыммен жабдықталған.
Қазіргі уақытта кітап материалдарын цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Болашақта кітапхана сайтында парақтарды әртүрлі тілге автоматты түрде аудару үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарлануда.
Қазақстан Конституциялық Сотында да қазіргі таңда жеке кітапхана жұмыс істейді. Соңғы үш жылға жуық уақыт ішінде оның қоры екі мыңға жуық материалмен толықты. Олардың қатарында конституциялық бақылау органы шешімдерінің жинақтары мен жаршылары, конституциялық құқық бойынша ғылыми әдебиеттер, қазақтың ұлы ойшылдары мен жазушыларының шығармалар жинақтары, сондай-ақ отандық және шетелдік мерзімді басылымдар бар.