
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Корея Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Корея Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Чо Хи Дэ мырзамен кездесті.
Кездесу барысында Эльвира Азимова Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар туралы және 2022 жылғы конституциялық реформа контекстіндегі конституциялық бақылау органының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қазақстандық соттардың Конституциялық Сот шешімдерін орындау тәжірибесіне және азаматтардың құқықтарын сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Тараптар өткен кездесу Қазақстан мен Корея Республикасының сот органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ конституциялық және сот төрелігі саласында тәжірибе алмасуға берік негіз болатынына сенім білдірді.