
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Корея Республикасына сапары аясында Конституциялық Сотта корей конституциялық бақылау органы судьяларына, конституциялық құқық зерттеушілеріне және хатшылығының қызметкерлеріне дәріс өткізді.
Өз сөзінде Эльвира Азимова Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылаудың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Атап айтқанда, қайта құрылған Конституциялық Соттың қызметін ұйымдастыру, оның мандаты, субъектілер өтініштерін қарау тәртібі және конституциялық іс жүргізу практикасы туралы айтылды. Мысал ретінде Конституциялық Соттың жекелеген қорытынды шешімдері келтірілді.
Қазақстан Конституциялық Сотының конституциялық іс жүргізу тәжірибесін жинақтау нәтижелері бойынша еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы Парламентке жыл сайынғы Жолдауды жіберу тәжірибесі тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.