Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова жұмыс сапарымен Корея Республикасына (Сеул қаласына) барды.
Сапардың бірінші күні Корея Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Сангван Ким мырзамен кездесу өтті.
Эльвира Азимова корей тарапына Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар, 2022 жылғы конституциялық реформа аясында конституциялық бақылау органының қызметі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Конституциялық Сот шешімдерін орындау тәжірибесі туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Ким мырза Корея Республикасы Конституциялық Сотының екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтіп, екі елдің конституциялық соттары өкілдерінің өзара танысу сапарларының тиімділігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша конституциялық сот төрелігі саласындағы ынтымақтастықты дамыту және диалогты нығайту туралы уағдаластықтарды бекітетін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.