Конституциялық Сотта ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесінің жаңа басшысымен кездесу өтті

Конституциялық Сотта ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесінің жаңа басшысымен кездесу өтті

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің жаңадан тағайындалған басшысы Алексей Роговпен кездесті.

Бақыт Нұрмұханов 2023 жылдан бастап Конституциялық Сот пен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңсесі бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан жобалар туралы айтты. Ол жастар арасында, оның ішінде Орталық Азия елдерінің болашақ заңгерлерінің қатысуымен оқу шараларын, сондай-ақ 2024 жылы Ата заңды инклюзивті түрде қолжетімді ету мақсатында Конституцияның Брайль әліпбиімен аударылып, жарық көруін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар құқық үстемдігін нығайту бойынша бірлескен бастамаларды одан әрі іске асыру жөнінде уағдаласты.