Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық Сотта азаматтың өтініші бойынша Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 6 наурыздағы № 1/167 қаулысының 1-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау жөнінде отырыс өтті. Бұл қаулы 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты.
Қаулының көрсетілген тармағы электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), сондай-ақ коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің арнайы техникасы мен көлік құралдарынан басқа, «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының кіруін шектеуді белгілейді.
Өтініш иесінің пікірі:
Дауланып отырған норма оның іштен жану қозғалтқышы бар автокөлікте өз үйіне еркін жүру құқығын шектейді, сондай-ақ электромобиль иелері үшін артықшылықтар белгілейді деп санайды, бұл іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары бар адамдарға қатысты кемсітушілік болып табылады.
Өтініштің мән-жайы:
Өтініш беруші Кіші Алматы шатқалында орналасқан тұрғын үйдің және жер учаскесінің меншік иесі болып табылады. Аталған объектілерге жол тек Шымбұлақ шатқалына дейінгі негізгі жол бойынша, ал одан әрі іштен жану қозғалтқышы бар автокөлікпен ғана жүруге болатын жолсыз жол арқылы ғана жүруге болады.
Өтініш иесі қаулыны заңсыз деп тану туралы талап арыз берген, алайда барлық сатыдағы соттар оның талабын қанағаттандырудан бас тартқан.
Отырысқа қатысқандар:
Өтініш иесі және оның адвокаты, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, әділет, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Алматы қаласы әкімдігінің, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының, Парламентаризм Институтының өкілдері және сарапшы.
Баяндамашы-судья: Жатқанбаева А.Е.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk), «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.