Конституциялық Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормасын жынысы бойынша кемсітушілікке тексереді

Конституциялық Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормасын жынысы бойынша кемсітушілікке тексереді

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Конституциялық Сотта азаматтың өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 50-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау жөнінде отырыс өтті.

Өтініш иесінің пікірі:

Дауланып отырған норма он төрт жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге ғана әкімшілік қамаққа алуды қолдануға тыйым салатын даулы норма Конституцияның 14-бабына қайшы келеді, өйткені бұл гендерлік белгі бойынша кемсітушілікке әкеледі және он төрт жасқа дейінгі балалары бар ерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзады.

Өтініштің мән-жайы:

Бұған дейін өтініш беруші автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін сотпен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаға тартылған. Сот оның 14 жасқа дейінгі, ата-анасының қамқорлығына мұқтаж баласы бар екендігі жөніндегі дәлелдерін ескермеді. Сот бұл мән-жайды дауланып отырған норманың талаптарына жатпайды деп есептеген, өйткені баланың ата-аналық құқықтарынан айырылмаған анасы, сондай-ақ кәмелет жасқа толған ағасы мен әпкесі бар.

Отырысқа қатысқандар:

Өтініш иесінің, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, ішкі істер, әділет, ағарту министрліктерінің, Құқық қорғау органдары академиясының, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері мен сарапшы.

Баяндамашы-судья: Жатқанбаева А.Е.

Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk), «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.