
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның VI Конгресіне қатысу аясында Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Иберо-американдық конституциялық сот төрелігі конференциясының Төрағасы, Испания Конституциялық Сотының судьясы Энрике Арнальдо Алькубильямен кездесті.
Тараптар конституциялық бақылау органдарының судьялары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша, оның ішінде Қазақстан мен Испанияның екіжақты ынтымақтастығының әлеуетін тарта отырып, кәсіби тәжірибе алмасу және бірлескен шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.