Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның VI Конгресіне қатысу аясында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова мен Испания Корольдігінің Конституциялық Сотының Төрағасы Кандидо Конде-Пумпидо Турон екі елдің конституциялық бақылау органдары арасында тәжірибе алмасу және екіжақты ынтымақтастықты нығайту туралы Меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында Эльвира Азимова Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар туралы айтып, бұл реформалар әділетті және тұрақты құқықтық мемлекетті қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыруға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ, ол испан тарапын конституциялық бақылау мен Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі қазақстандық тәжірибемен таныстырды.