Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Мадрид қаласында өткен Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның VI Конгресі аясында Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығы комитетінің кезекті отырысы өтті. Қазіргі уақытта Еуразиялық қауымдастықтағы төрағалық етуші тарап Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты болып табылады. Қауымдастық құрамына 9 мемлекеттің конституциялық соттары кіреді.
Отырысқа офлайн форматта Қазақстан Республикасының, Әзербайжан Республикасының, Армения Республикасының, Қырғыз Республикасының, Моңғолияның, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының конституциялық соттарының өкілдері, ал онлайн форматта Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының конституциялық соттарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференция аясындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзге өңірлік және лингвистикалық топтармен серіктестік орнату бағыттарын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Қауымдастық мүшелері 2026 жылға арналған бірлескен шаралар жоспары туралы уағдаластыққа қол жеткізді.