
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz
Құрметті қазақстандықтар!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1990 жылғы 25 қазанда Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануымен тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа, маңызды кезең басталды. Бұл құжат қазіргі қазақстандық мемлекеттіліктің негізін айқындап, мемлекеттік тұтастық, заң үстемдігі және адам құқықтарының басымдығы қағидаттарын бекіткен алғашқы құқықтық акті болды.
Дәл осы Декларациядан егемен, әділ және халық алдындағы жауапкершілігі жоғары мемлекеттің қалыптасу үдерісі бастау алды. Онда адамның, оның құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық екені айқын көрініс тапты.
Республика күнін атап өте отырып, біз мемлекеттік тәуелсіздігімізді нығайтуға, құқықтық жүйені дамытуға және тиімді мемлекеттік институттарды қалыптастыруға зор үлес қосқан барша азаматтарға терең құрмет білдіреміз.
Бүгінде Қазақстан демократия, заңдылық және қоғамдық келісім қағидаттарын нығайта отырып, нық қадаммен ілгерілеп келеді.
Елімізде әрдайым бейбітшілік, бірлік және заңға деген құрмет салтанат құрсын!
Мереке құтты болсын, қадірлі отандастар!