Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығы өкілдері бірлескен қызметтің басым бағыттарын талқылады

Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығы өкілдері бірлескен қызметтің басым бағыттарын талқылады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығының (ЕКБОҚ) отырысы онлайн форматта өтті. Іс-шараға Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің конституциялық соттарының өкілдері (Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) қатысты.

Отырысқа қатысушылар 28 қазанда Мадридте (Испания) жоспарланған Конституциялық бақылау органдарының дүниежүзілік конференциясының отырысына дайындық мәселелерін талқылады. Қауымдастық пен оның мүшелерінің алдағы халықаралық форумға қатысуының ұйымдастырушылық аспектілеріне, сондай-ақ конституциялық әділеттің басқа өңірлік құрылымдарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, отырыста ұйымның қызметін жетілдіруге, оның институционалдық әлеуетін нығайтуға және Қауымдастық мүшелері арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған Еуразиялық конституциялық бақылау органдары қауымдастығының Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар қаралды.

Келесі жылға жоспарланған шаралар қарастырылды. Конституциялық соттардың өкілдері Қауымдастық аясында тұрақты кездесулер өткізудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер конституциялық бақылау органдары арасындағы диалогты нығайтуға, конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудің ортақ тәсілдерін дамытуға, сондай-ақ адам құқықтары мен азаматтардың бостандықтарын қорғауға ықпал етеді.