Қазақ технология және бизнес университетінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи алғышарттары талқыланды

Қазақ технология және бизнес университетінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи алғышарттары талқыланды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

Конституциялық Соттың судьясы Еркін Оңғарбаев Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының тарихи алғышарттары» атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Қатысушылар Республика күнінің мемлекеттік құрылысты нығайтудағы және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негіздерін дамытудағы рөлі жөнінде пікір алмасты.

Өз сөзінде Еркін Оңғарбаев Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның тарихи және құқықтық маңызына кеңінен тоқталды. Ол 25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды күн екенін атап өтіп, дәл осы құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық негізін қалағанын айтты. Судьяның айтуынша, аталған декларацияда бекітілген мемлекетшілдік қағидаттары кейіннен өз жалғасын тауып, еліміздің Ата заңы – Конституцияда көрініс тапты.