Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясы заң үстемдігінің жол беру шарттарының жаңартылған бақылау тізімін қабылдады

Еуропа Кеңесінің Венециандық комиссиясы заң үстемдігінің жол беру шарттарының жаңартылған бақылау тізімін қабылдады

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

2025 жылғы 9-10 қазан аралығында Италияның Венеция қаласында Еуропа Кеңесі жанындағы Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Венециандық комиссиясы) 144-ші пленарлық отырысы өтті. Шараға Комиссия мүшелері, конституциялық соттардың төрағалары мен судьялары, әділет министрліктерінің өкілдері, соның ішінде Қазақстан өкілдері, сондай-ақ 61 елден келген белгілі заңгерлер мен ғалымдар қатысты.

Қазақстан Республикасынан бұл отырысқа Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова мен Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев қатысты.

Венециандық комиссиясының мүшелері Венгрия мен Словакия конституцияларына өзгерістер енгізу туралы заң жобалары, Словакияда қоғамдық маңызы бар қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардың қызметі, Сот билігінің жалпы кеңесінің мүшелерін сайлауға және Испанияда мэрлердің сотқа дейін қамауда ұсталуының жергілікті демократиялық басқаруға әсері, Грузиядағы шетелдік агенттерді тіркеу және олардың қызметі, Косово мен Солтүстік Македониядағы Прокурорлар кеңесінің жұмысы, Украинадағы судьяларға қатысты тәртіптік және өзге де сот рәсімдерін жетілдіру, сондай-ақ Перудегі прокуратура органдарындағы құқықтық реформалар мәселелеріне қатысты қорытындыларды талқылады.  

Сонымен қатар, елдер ұсынған заң жобалары бойынша ұсынымдық қорытындылармен қатар, Комиссия Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа арналған Amicus Curiae түріндегі сараптамалық қорытындыларды да қарастырды. Атап айтқанда, «Грузияның жас заңгерлер қауымдастығы және басқалар Грузияға қарсы» ісі бойынша, сондай-ақ Армения Республикасының Қылмыстық кодексінің 236-бабының құқықтық анықтығы тұрғысынан еуропалық стандарттарға сәйкестігіне қатысты пікірлер ұсынылды. Бұдан бөлек, Венециандық комиссиясы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Соттың Grande Oriente D’Italia Италияға қарсы ісі бойынша парламенттік тергеу комиссияларының өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі рәсімдік кепілдіктерге қатысты жедел қорытындыны талқылады.

Отырыста Венециандық комиссиясы алғаш рет 2016 жылы қабылданған Құқық үстемдігі қағидаттарының бақылау тізімінің жаңартылған нұсқасын қарастырды.

Венециандық комиссия атап өткендей, «құқық үстемдігі» ұғымы - бұл заң жүйесінің айқын әрі болжамды болуын, әрбір азаматтың билік өкілдерінің тарапынан заңға сәйкес қадірлі, тең және әділ қатынасқа ие болуын, сондай-ақ олардың шешімдерін тәуелсіз әрі бейтарап соттарда әділ сот талқылауы арқылы даулауға құқығы бар екенін білдіреді.

Құқық үстемдігі өлшемдерінің жаңартылған тізімі жаңа сын-қатерлер мен жедел цифрландыру үдерістерін ескере отырып әзірленген және бұл ұғымды дұрыс әрі бірыңғай түсіну, талқылау және қолдануға жәрдемдесуді мақсат етеді.

Отырыстың аясында Венециандық комиссиясының мүшелері Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі комиссарымен және Еуропалық комиссияның Сот төрелігі және тұтынушылар мәселелері жөніндегі Бас директораттың (DG JUST) бас директорымен пікір алмасты.

Бұдан өзге, елдердің Комиссиямен ынтымақтастығы, конституциялық бақылау саласындағы тәжірибе алмасу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ, өзара іс-қимылдың перспективалары талқыланды.

Қазақстанның мұндай халықаралық шараларға қатысуы еліміздің ұлттық құқықтық жүйесін жетілдіруге және қабылданған міндеттемелерге сәйкес демократиялық институттарды нығайтуға деген ұмтылысын тағы бір рет айғақтайды.