Қонаев қаласында адам құқықтары мен Конституция талқыланды

Қонаев қаласында адам құқықтары мен Конституция талқыланды

Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz  

 

Қонаев қаласында Ата Заңымыздың 30 жылдығына арналған «Адам құқықтары және Конституция: 30 жылдық тәжірибе» дөңгелек үстелі өтті. Шараны қала әкімдігі ұйымдастырды.

Талқылауға Конституциялық Соттың судьясы Роман Подопригора, қала әкімі Асхат Бердіханов, қалалық соттың, прокуратураның, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Қатысушылар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы сот, прокуратура органдары және полиция қызметінің маңыздылығын, сондай-ақ жастардың еліміздің дамуындағы рөлін талқылады.

Роман Подопригора қатысушыларға Конституциялық Соттың жұмысы туралы айтып, оның мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтудағы маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ қолданыстағы заңнама нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеруге байланысты бірқатар істерді қарау қорытындыларымен бөлісті.

Сонымен қатар, Конституциялық Соттың талдаушысы Дәурен Шәріпбаев сот шешімдерінің іс жүзінде қалай іске асырылып жатқанын және мемлекеттік органдар олардың орындалуын қалай қамтамасыз ететінін түсіндірді.